Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.07.2016

Алматыда тегін робототехника мектебі ашылды


Балаларға физика, химия және математика негіздерін- қолжетімді ойындар түрінде  түсіндіру арқылы білім беру.  Энергетика университеті ұстаздары  болашақ  жаңалық табушылар мен ғалымдар  дайындайтын  инженерия мен робототехника мектебін ашты.Және ол тегін жұмыс жасайды. Бүгінгі күні мектеп өзінің екіапталық курсын бітірген алғашқы түлектерін шығарып отыр.

«Мұнда өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға келген балалар оқиды. Әрине теория дан  өзге тәжірибе де қажет. Мен өзім өнер тапқыш болғым келеді»,-дейді осы мектептің алғашқы түлегі СинарШайх.

Жазғы демалыс кезінде ашылған бұл мектепте университеттің үздік мұғалімдері сабақ береді. 7-15 жас аралығындағы  мұнда келген балалар өз бетінше түрлі конструкцияларды құрастырып үйренуде.Екі апталық курсты бітіргендер  соң  оқуын жалғастырамын деушілер  тағы қалып оқуын жалғастырып,нақты бағытты тапдап шығады.

«Біз сабақты бастамастан бұрын балаларға физика, химия және математикаға пәнінің өзара қатынасы  туралы түсіндіріп,оны сүйюге  үйретеміз, себебі  ой физика, ой химия қиын деген түсініксіз сұрақтар туындамас үшін.  Содан кейін  нақты сабаққа және тәжірбиеге көшеміз»,-дейді робототехника  мектебінің  мұғалімі Мағжан Қистаубаев.

 

19.07.2016