Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.04.2018

Алматыда саябақтар мен скверлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды


Алматы қаласындағы саябақтар мен скверлер, демалыс орындарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды деп хабарлайды Алматы қаласы  Қоғамдық денсаулықты сақтау Басқармасы.

           

Кенеге қарсы өңдеу жұсытары қаламыздың барлық 8 ауданында жүргізілуде, аталған жұмыстар  5 сәуірде басталған.  Ауа райының қолайлылығына қарай жалпы саны 416,4 гектар аумақ өңделеді.

Барлық жұмыстар қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының, яғни біздің бақылауымызда болатын зарасыздандыру Орталығының мамандарымен жүргізіледі,- дейді  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулықты сақтау Департаментінің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы -Бибигуль Нургалиева.

Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы мамандары  қала тұрғындарына табиғат пен саябақтарда белсенді демалыс кезінде сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді. Табиғат аясына шығу кезінде кенеден сақтау құралдарын ,аэрозол, мазь, дәрі дәрмектерді өздерімен алып жүруге кеңес береді. Сондай ақ демалыс кезінде   денелері мен заттарын уақыт өткізбей жиі тексеріп тұруға, кенені тез арада көре алатындай ақ  немесе ашық түсті денеге тығыз тұратын киім киюге кеңес береді.

Абай болыңыз, кене шаққан жағдайда дереу дәрігерге хабарласыңыз. Кене шаққан кезде иммуноглобулин уколы егіледі. Укол Алматының бес емханасында тегін беріледі.


19.04.2018