Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.03.2019

«Наурыз нақыштары» атты фестивалі өтті


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2019 жылдың 18 наурызы күні сағат 12.00-де Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті.

«Наурыз нақыштары» мейрамы Мемлекеттік орталық музейде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шаралардың біріне айналып отыр және Қазақстан халықтарының мәдени дәстүрлерінің біртұтас нышаны саналады.

  

Осы мереке күні музейге келушілердің назарына «Сыр сақтаған сандықтар...», сондай-ақ Қазақстан суретшілері мен мүсіншілерінің «Көктем шуағы» атты көрмесі (кескіндеме, графика, мүсін және қолданбалы жұмыстарын ұсынылады.

Сондай ақ қазақтардың этнографиясымен және тұрмысымен таныстыратын «Әжемнің сандығының құпиясы», суретші Н.Г.Хлудовтың шығармашылығына арналған, «Дәстүрлі қазақ мәдениеті әлеміне» экспозициясы негізінде интерактивтік музейлік сабақтары, қазақтың салт-дәстүрлерін, оның ішінде үйлену тойын көрсететін «Беташар» театрлық қойылымдары; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұсынатын ұлттық киімдер үлгілері көрсетіледі; музыкалық топтар мен ансамбльдердің қатысуымен концерт өткізілді.

   

Музейге келушілерге суретшісі А. Төлеубаевадан мерекелік дастарханға батикпен сурет салу арқылы перфомансқа қатысу қызықты болады.

Іс-шараға ЖШС «Ажар Толеухан, «ASA-ONER», «Uldana Kazax» сән салондары қатысты. Музейге келем деуші барлық тілек білдірушілер үшін Музей есігі сағ. 12.00-ден 16.00-ге дейін ашық, музейге кіру тегін.

19.03.2019