Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.03.2018

«Ұнның құнарлануы», «Дұрыс тамақтанайық» атты акция болып өтті!


Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарыаудандағы, Өтепов к-сі, 6 мекен-жайында орналасқан «Арзан»дүкенінде ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының сынақ орталығы мамандарымен бірге, «Ұнның құнарлануы», «Дұрыс тамақтанайық» тақырыптарында акция ұйымдастырып өткізді.

           

Акция барысында сатып алушыларға ұнның құнарлануы туралы, дұрыс тамақтану, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, өнімдердің пайдалану мерзімі туралы, тағам өнімдерінің таңбалануы, өнімдердің сақталу жағдайлары туралы, әсіресе тез бұзылатын өнімдер туралы, сальмонеллез, тамақпен уланудың алдын алу туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

           

Сондай ақ, түрлі атаудағы өнімдерден жылдам-әдіспен 25 сынама зертханалық зерттеуге алынды, жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша сәйкес емес сынамалар анықталмады.

19.03.2018