Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.02.2018

Бауыржан Байбек пен Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның Қазақстандағы жұмысының 25 жылдығына арналған мемориалды тақтайшасын ашты


Алматыда Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы аталып өтті.

           

Алматыда «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі арнайы кеңес аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек пен ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның 25 жылдық қызметіне арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашты. ҚР Сыртқы істер министрі Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылған кезден бастап, Қазақстан оның белсенді мүшесі әрі сенімді серігі болғанын атап өтті. «БҰҰ ұйымдары мен бағдарламалары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отыр. БҰҰ елімізге бұрынғы Семей ядролық полигонын сауықтыру, Арал теңізін қалпына келтіру секілді маңызды жобалар аясында техникалық және қаржылық көмек көрсетті», - деді Қ. Әбдірахманов.

           

Қала әкімі Бауыржан Байбек мегаполисте БҰҰ-ның даму бағдарламасымен бірге «Тұрақты көлік» жобасы іске асып жатқанына тоқталды.

«Бүгінгі күні Алматыда еліміздің біріккен кәсіпорындарының 40% жұмыс істейді және халықаралық ұйымдармен трансұлттық компаниялардың 60-тан астам офисі ашылған. Ұйымның Қазақстандағы қызметінің 25 жылдығы барысында өңірлік хабты күзде ашу жоспарланып отыр. Бұл - Қазақстанмен серіктестіктің жаңа тарихи жеңісі болады», - деді Б.Байбек.

           

Алматы әкімі былтыр Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның айтулы оқиғалар күнтізбесіне енгенін де тілге тиек етті. Сөз кезегін алған БҰҰ-ның Орта Азия бойынша Бас хатшысының арнайы өкілі Наталья Герман Қазақстанның маңызды жетістіктеріне тоқталды.  «Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықта жоғары деңгейге қолжеткізді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың антитеррорлық коалиция құру бастамасы әлем үшін өте маңызды, өйткені мұнда терроризмге орын жоқ. Қазақстанның қарусыздану және ядролыққаруды таратпау жөніндегі әлемдегі рөлі өте жоғары. Мен бейбітшілікті қалайтын барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын», - деді Наталья Герман.

Айтулы шараға БҰҰ жанындағы ҚР алғашқы тұрақты өкілі, бұрынғы ҚР Сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекова, ҚР БҰҰ-ның үйлестіруші-резиденті Норимаса Шимомура қатысты. 


http://www.inform.kz

19.02.2018