Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

18.09.2018

Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының Басқармасы өзінің ХҚКО ашты


Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының Басқармасы азаматтарға жедел әрі сапалы кеңес беру мақсатында өзінің Халыққа қызмет көрсету орталығын (ХҚКО) ашты.
Онда "Нұрлы жер", "Аймақтарды дамыту 2020" (ТКШ жаңғырту ) мемлекеттік   бағдарлама және "Алматы жастары" қалалық бағдарламаларды түсіндіру бойынша азаматтарды қабылдайды.

           

Операциялық залдың басты мақсаты азаматтарға жылдам және сапалы қызмет көрсету, қол жетімді кеңес беру және тұрғын үй заңнамасы бойынша құқықтар мен міндеттерді түсіндіру болып табылады.

Ғимараттың бірінші қабатындағы  қимыл тірек-қозғалыс аппаратымен проблемалары бар мүгедек жәнеқарттар адамдарға ақпараттық және қоғамдық қызметтерді жеңілдететін терезелер бар. Сондай-ақ есту қабілетті нашар адамдарға сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді.

Оған қоса, операциялық залда мемлекеттік қызмет көрсетуді (ЭЦҚ кілті болған жағдайда) тікелей мемлекеттік корпорация «Азаматтар Үкіметі» веб-сайтынан алуға мүмкіндік беретін өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар.

18.09.2018