Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

18.06.2018

Алматыда Инновациялық идеялар фестивалі өтті


Алматыда медиа, бизнес, мәдениет және технология саласындағы инновациялық идеялар фестивалі өтті.

Үш күндік фестиваль журналистерге, кәсіпкерлерге, кинематографистерге және музыканттарға тренингтік жаңалықтармен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылы фестивальге әлемнің 14 елінен 100-ге жуық спикерлер келген. «Бұл фестиваль, ең алдымен, талантты, ең шығармашылық және ең белсенді адамдарға арналған кездесу орны.

Біз осы адамдар бизнес, медиа, мәдениет және жаңа технологиялар саласында жаңа ақпарат ала білуіне, сондай-ақ бірлескен табысты жобалар үшін жаңа іскер серіктестер табуларын қалаймыз», - деді фестивальдің ашылуында АҚШ-тың бас консулы Марк Муди.

АҚШ, Үндістан, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерінің алдыңғы қатарлы тренерлері іскерлік және коммуникациядағы жаһандық аудиториямен өзара әрекеттесу туралы ақпаратпен бөлісті.

Мысалы, АҚШ-тың CALmatters ақпараттық порталында аудиторияны тарту жөніндегі менеджер Тревор Эйишен жаңалықтарды қалай жасау керектігін айтты. «Жаңалықтың танымал болуына мүмкіндік беретін көптеген сиқырлы тәсілдер бар. Біріншіден, аудиторияңызды білу өте маңызды. Екіншіден, материалдың тілі түсінікті және айқын болуы керек. «тақырыптық» өте маңызды. Егер бұл маңызды адам болса, эмоциялы фотосуреттерді де алуға болады. Қызықты ақпарат, фотосуреттер, бейнелер мен графиктер ақпаратты жасайды», - деп бөлісті Тревор Эйишен.

Сонымен қатар фестиваль аясында жаңа технологиялар саласындағы пікірталастар мен мастер-класстар, сондай-ақ қазақстандық әзірлеушілердің инновациялық жобаларының тұсаукесері өтті. Фестиваль 15 маусымда басталған фестиваль үш күнге созылып 17 маусымда аяқталды.

18.06.2018