Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

18.05.2017

18 мамыр -Халықаралық музей күні


 

 Осыдан 38 жыл бұрын дүниежүзі мәдени қауымдастығының Халықаралық  мұражайлар кеңесінің Бас конференциясында 18 мамыр – Халықаралық музей күні болып бекітілген. 

Айтулы мереке 1977 жылы Мәскеу қаласынан бастау алған. 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өткізілді. Бүгінгі таңда республикамыздың барлық өңірлеріндегі мұражайларда ашық есік өткізумен қатар, «Мұражай түнін» өткізу қолға алына бастады.

 Музей  тарихи жәдігерлерді жинайтын, сақтайтын жер емес. Ол мемлекеттің өткені мен бүгінін жалғайтын, тарихтан сыр шертер ғылыми, мәдени, тағылымды жер. Осы аптада әлемнің 150-ден аса елі халықаралық музей күнін атап өтті. 18 мамырда Қазақстанның барлық мұражайларында музей түні ұйымдастырылды.

 Еліміздің жетекші музейі – ҚР Мемлекеттік Орталық музейі алғаш рет 2006 жылы жобаның қатысушысы болды. Он екінші мәрте өткізіліп отырған іс-шарада Музей қорынан және жеке коллекциялар негізінде алынған жаңа көрмелер ұйымдастырылып, тың идеялар мен қызықты шығармашылық ойлар жүзеге асырылады. Тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеп, мәдениет дамуына өз үлесін қосады. Осы уақыт ішінде бұл шара Алматы қаласының мәдени өмірінде аса тартымды және асыға күтетін жарқын шараға айналды.

18.05.2017