Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

17.05.2017

Алматыда 10-шы рет «Сенің күнің, Донор!» атты республикалық акция басталды.


Алматыда 10-шы  рет «Сенің күнің донор!» республикалық акция басталды.

Келе жатқан 14 маусым Дүниежүзілік донор күні қарсаңына Алматыда «Сенің күнің донор!» атты республикалық акция басталды.

 Баршаға аян қзіргі таңда елімізде қан тапшылығы бар. Қан көптеген науқастар мен түрлі оқиғадан задап шеккендерге және онкологиялық ауруларменауыратын, лейкомия диагнозы бар науқастарға өте қажет.

 2016 жылы Алматы қаласы Педиатрия  және балалар хирургиясы Ғылыми орталығының өзінде  15000 аса адам қан тапсырған. Оның 90 пайызы еркіті донорлар.

«Сенің күнің донор!» Республикалық акцияның ұйымдастырушыларының айтуынша жиналған қан бірінші кезекте кішкентай науқастарға және ауыр онкология ауруларына жіберіледі. Он жыл ішінде өткізіліп отырған бұл акция  өзінің тиімділігі мен бірегейлігін көрсетті, себебі «Сенің күнің донор!» акциясына тек қатардағы тұрғындармен қоса  қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, спортсмендер мен танымал әртістерде қатысады.

 Шараның басты мақсаты- донорлықты жан жақты таныту ерікті днорлардың санын арттыру және науқастардың өмір сүруге деген үмітін ақтау.

 «Сенің күнің донор!» акциясы алғаш рет 14 маусым Дүниежүзілік донорлар күніне орайластырылып 2008 жылы басталған. Соңғы онжылдықта Қазақстандағы  донорлар саны едәуір өсіп 65 % пайызға жетті. Қан қызметінің   республикада жасалған мониторингі мәліметі бойынша донорлар саны 2008 жылы -181 795 адамнан  2016 жылы - 221 910 адамға өскен. Бүтіндей қанды- 120 895 , плазма- 50558, қан клеткаларын 10342 донор тапсырған. 

17.05.2017