Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

17.04.2018

Бостандық ауданына қарасты И.Жекенова атындағы Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы «Наурыз» мерекесін атап өтті.


Бостандық ауданына қарасты И.Жекенова атындағы Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында киіз үй тігіліп, «Наурыз» мерекесі аталып өтті.

           

Мерекеге жиналған қауымды аурухананың бас дәрігері Айгүл Кәметқызы құттықтап өз сөзінде, ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн ұзағынан сүйiндiріп, әрбiр шаңыраққа береке дарып, бақ қонсын!,- деген жылы лебізін білдірді.

Шараға келген қонақтар тәтті тағамдардан дәм татып, қызықты ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады.

           

Аурухана қызметкерлері ұлттық киім киіп, ұлттық салт-дәстүрлерді нақыштайтын түрлі өнерлерін ортаға салды.

Мереке қызған кезде жастар алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнайды.

           

Мерекелік іс-шара барысында қазақша күрес, асық ату, арқан тарту, гір көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылып, тақырыптық сахналық көріністер қойылып, концерт бағдарлама ұсынылды.

17.04.2018