Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.01.2019

Қазақстан халқының саны 18,37 миллионға жетті


Қазақстан халқының саны 2018 жылдың 1 желтоқсанында 2017 жылғы көрсеткіштен 238,9 мың немесе 1,3% өсіп, 18 млн 376,2 мыңды құрады.

Атап айтқанда, есепті кезеңде қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 626,2 мыңға жетіп, жалпы халық санының 57,8%-ын құрады.
Ал ауыл тұрғындары 7 млн 750 мың немесе 42,2% болды. Былтыр қаңтар-қараша айларында республикада 1 жасқа толмаған 2882 сәби шетінеген (2017 жылдың қаңтар-қараша айларында - 2896). 2018 жылдың он бір айында әр 1000 сәбидің 7,86-сы шетінеген. Сәбилер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болған. Соның салдарынан былтыр қаңтар-қараша айларында 1474 сәби (жалпы көрсеткіштің 51,1%-ы) шетінеген.

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға көшіп келгендердің саны алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5% азайып, кеткендер саны 11,9% артқан. Елге келушілердің 78,6%-ы ТМД елдерінен келсе, кетушілердің 90,3%-ы Достастық елдеріне кеткен. Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 12,2% азайды. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Шымкент (38 074 адам), Алматы (31 738) және Астана (17 617) қалаларының үлесіне тура келеді.


 

16.01.2019