2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.05.2020

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев индустриялық аймақтағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен таныстs


Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев индустриялық аймақтағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып шықты.


Карантин шараларының бәсеңдеуіне байланысты кәсіпорындар бұрынғы жұмыс режиміне оралуда. «Былтыр Индустриалды аймақтың жұмыс істеу принципін қайта қарастырдық. Қалаға экономиканың нақты секторын қайтарып, дамыту қажет. 

Бүгінде 12 жоба жүзеге асырылды. Тағы 46 жоба іске асырылу сатысында тұр. Соның 10-ын - биыл, ал 23-ін - келесі жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Барлық 58 жобаның инвестициясының жалпы сомасы - 248 млрд теңге болып отыр. Тамақ пен медицина өнеркәсібі, логистика, құрылыс және автомобиль жасау саласындағы жоғары білікті мамандар үшін 8,5 мың жұмыс орны құрылады»,- деді әкім.


Сондай жобалардың бірі - энергетикалық тиімді сәулеттік қасбеттер зауыты салынып жатыр. Кәсіпорын жоғары сапалы энергия үнемдейтін ПВХ және алюминий профильдік құрылымдарды шығаруды жолға қойып отыр. Оның қуаты — жылына 475 мың шаршы метр. Ал жобаның құны — 3,8 млрд теңге. 80 жұмыс орны ашылады.


Бірінші кезеңі өткен жылдың соңында басталған Hyundai Trans Kazakhstan автоқұрастыру зауытында жылына 45 мың автокөлік шығарылады. Жұмыс көлемнің 75%-ын - Қазақстанда, 25%-ын - таяу шет елдерде іске асыру жоспарланған. Екінші кезеңді іске қосу күзге жоспарланған. Бояу, дәнекерлеу және басқа да өндірістік автоматтандырылған желілер ашылады. Бұл ретте кәсіпорын оқшаулау үлесін 5 жыл ішінде бір модель үшін біртіндеп 50%-ға дейін өсіре отырып жеткізеді. Жобаның жалпы құны - 25 млрд теңге. Мұнда 700 жұмыс орны ашылады.


 Қала әкімі атап өткендей, Алматыны индустрияландыру үшін жоғары технологиялық өндірістер құру қажет, онда білікті мамандар үшін жоғары ақы төленетін жұмыс орындары ашылады. 

«Мұндай жобалар Алматының әлемдегі дамыған қалалардың арасында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Оған қоса жаңа экономикалық моделінің негізіне айналады. Экономиканың құрылымдық маневрінің басты мақсаты да осы. Экспорттық өндірістерді дамыту және әлемдік жоғары технологиялар экономикасындағы біздің өндірушілердің үлесін кеңейту қала экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді», — деді Бақытжан Сағынтаев. 

Индустриялық аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары шеңберінде жылыжай кешенінің жобасы іске асырылды. Қуаты 7,2 мың тонна болатын көкөніс өндірісі жолға қойылды. Жоба құны - 7,8 млрд теңге. 185 жұмыс орны ашылған. Өндірісте тыңайтқыштар мен минералдарды автоматты түрде беретін тамшылатып суару жүйесі қолданылады. 

Сондай-ақ, тамақ өнеркәсібі кластерінде толық өндірістік циклмен ет өңдейтін зауыт ашылды. Қуаты 3,5 мың тонна болатын кәсіпорында 100 түрлі шұжық өнімдері шығарылады. 250 жұмыс орны ашылды. 

Жұмыс сапары барысында қала әкімі сондай-ақ «Келет» АҚ сумен жабдықтау, жылыту және желдету, соның ішінде газ қазандары мен су сорғыларын өндіретін зауытқа барды. Жұмыс орындарының саны — 230, карантин кезінде 190 адам жұмыс істеп жатыр.

16.05.2020