Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.05.2018

Алматыда Рамазан айында ауызашар дастарханы жайылады


Бүгін Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаев Алматы мешіттерінде қандай іс шаралар өтетінін айтты.

Алматы қаласындағы 8 ауданның барлық мешіттерінде кешкі ауызашар дастархандары жайылып, ифтар таратылатын болады. Ал, Алматы Орталық мешітінде күнделікті 500 адамға дейін ауызашар дастарханын ұйымдастыру жоспарлануда.

Рамазан – тақуалық, береке мен бірлік, әрі мейірім мен жақсылық айы. Оразада жасалған әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Хадисте айтылғандай, «адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады».

Ғылыми зерттеулер мен шариғи мәтіндерге сүйене отырып, ҚМДБ ғұламалар кеңесі отандық астрономиялық зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып Рамазан айының бірінші күні – 17 мамыр деп бекітті. Сондай-ақ маусым айының 11-нен 12-не қараған түн – Қадір түні деп жарияланды. Айт мерекесі болжам бойынша 15-ші маусымға сәйкес келеді.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы 49 мешітте тарауық намазы өткізілсе, оның 45-інде тарауық намазы Құран Кәрім толықтай хатым етіледі.

Рамазан бойы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен әрбір мешіттер мен жамағаттың қауіпсіздіктері ІІО қызметкерлерінің бақылауы күшейтіледі, - деп мәлімдеме жасады Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қари Шоқаев.


16.05.2018