Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.04.2018

Алматыда велошерудің жаңа маусымы ашылды


Алматыда, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында велошерудің тоғызыншы маусымы басталды. Спорттық шараға 2 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық хаб. Қала қонақтары мен түрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасқан 9 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

           

Әуесқойлармен бірге бұл велошеруге Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев қатысты.   «Осындай іс-шаралар қала тұрғындарына уақытын тиімді әрі көңілді өткізуге жақсы мүмкіндік. Осы уақытқа дейін біз қоғамдық көліктерде, көшелерде, саябақтарда, кез келген жастағы адамдар танысып, демалып, жұмыс жасайтындай жағдай жасау жолында жұмыс атқарып келеміз», - дейді өз сөзінде Алматы қаласының әкімі.  

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек қазіргі танда қалада салауатты өмір салты мен спортқа жақсы көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Алматыда бүгінгі танда 68 шақырымдық велодәлізі салынды.

           

Сонымен қатар, қала басшысы велосипедтерді жалға беретін «Almaty bike» жобасы қарқымды дамып, қаланың орталық көшелерінде 1730 велосипедке арналған 200 велосипед тұрақтары жұмыс істеп тұрғанын тілге тиек етті. Онын айтуынша жылда өтетін «Алматы Туры» веложарысы қаланың танымал брендіне айналып, Алматының туристік және спорттық қала имиджі ретінде шетелге танымалдығын арттыуруда. Бүгінгі өткен велошерудің мәресінде қатысушылардың арасында 20 велосипед, сонымен қатар өзгеде бағалы сыйлықтар ойнатылды. Барлық келушілердің алдында өз өнерлерімен Shamsi», Alime топтары шығып, іс-шара «Almaty Street Fitness» бағдарламасымен жалғасын тапты.  

           

Айта кету керек, 2017-ші жылы «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша қалада 21 велошеру ұйымдастырылып, 21 мың адам қатысқан болатын.


16.04.2018