Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.03.2018

Алматыда Ұлыстың ұлы күні мейрамы Оnline режимінде көрсетеді


Алматыда 22-23 наурызда Ұлыстың ұлы күні мейрамы қаланың 40 медиабордынан көрсетіледі

Оnline трансляцияны Халықаралық  Ақпараттық технология университетінің студенттері  жүргізеді. Негізгі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылатын «Астана» алаңында, Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде, Атлеттер ауылында, Almaty Arena маңына көрсетілім жасау үшін төрт дрон пайдаланылады. «Алматыда цифрлық қала жүйесі Smart cityді дамыту және  халықтың қандай  мәдени шараны қалайтынын анықтау үшін біз алғаш рет медиабордтарда 4 дрон мен видеокамераларды қолданамыз», - деді Алматы Мәдениет басқармасынан.

Еске салсақ, Ұлыстың ұлы күні Алматыда 1 ай бойы 22 наурыздан 21 сәуірге дейін тойланбақ.   

Негізгі мерекелік шаралар мегаполистің бірнеше алаңдарында  ұйымдастырылады.

16.03.2018