2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.01.2020

Алматыда жаңа автобустар қатары толықты


Алматы көшелеріне жаңа автобустар рейске шықты.  «Алматыэлектротранс» ЖШС жаңа  "Zhongtong" автобустарының кезекті партиясын алды. Көпшілік сұранысы бойынша 121-маршрут бойынша 100% жаңартылды. Жоспарланған 18 автобус маршрут бойымен жүреді, ал тағы 2 бірлік резервте болады », - деді қала әкімдігі.



Мемлекеттік тіркеуден  және «Оңай» жабдықтарын орнатқаннан кейін автобустар жұмысқа дайын. Барлық автомобильдер төменгі қабатты, үлкен сыйымды және қалалық жолаушылар тасымалы үшін арнайы жасалған.

Автобустар сығымдалған (сығылған) табиғи газбен жүреді, ауа кондиционерімен және бейнебақылаумен жабдықталған. Сыйымдылығы - 104 адам, 22 орын және 3 мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған.

Бұған дейін Алматыда тегін Wi-Fi бар жаңа автобустар рейске шықты деп хабарланған болатын. Өткен жазда қала әкімі қалада кем дегенде 2100 автобус қажет екенін айтты. Ол кезде олардың саны 1600 болатын.


16.01.2020