Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.01.2018

"Періштелер уақыты" авторлық интерьерлік қуыршақ қайырымдылық аукционалды көрмесі ашылды


2018 ж. 14 қаңтарынан бастап  Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында муковисцидозбен ауыратын балаларға көмек ретінде бірінші аукциондық сауда-саттықтық «ПЕРІШТЕЛЕР УАҚЫТЫ» аттыв авторлық интерьерлік қуыршақтар қайырымдылық аукционалды көрмесі ашылды.

«ПЕРІШТЕЛЕР УАҚЫТЫ» авторлық интерьерлік қуыршақтардың аукционалды қайырымдылық көрмесі – муковисцидозбен ауыратын балаларға арнайы көмек ретінде құрылған теңдессіз жоба.

Аукциондық сауда-саттықтан түсетін бүкіл қаражат «Муковисцидозбен ауыратын мүгедек балалар» Қоғамдық бірлестігіне беріледі. Бұл – көптеген балаларға өмір қуанышын сыйлайтын аукционалды көрмеге Ресей мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен бүкіл «періштелер» ұшып келетін «ПЕРІШТЕЛЕР УАҚЫТЫ».

Шара  Алматыдағы  Ресей елшілігінің қолдауымен өтуде.

Көрме 14 қаңтардан 28 қаңтарға дейін жалғасады.

16.01.2018