Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

15.03.2018

Алматыда «Наурыз-2018» мерекесі аясында 150-ге жуық шаралар өтеді


Алматыда «Наурыз-2018» мерекесі бір ай бойы, яғни 15 наурыздан 25 сәуір аралығында мерекеленеді, оның барысында 148 шара өтеді.

23-25 наурыз аралығында қаланың барлық аудандарының коцерттік мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Жібек жолы, Панфилов көшелері мен «Астана» алаңында, «Almaty Arena» кешенінің, ALMATY ART CENTER бульвары, «Атлеттер ауылы» маңындағы алаңдарда, орталық мәдениет және демалыс саябағында, ҚазМемциркте, Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандары әкімдіктерінің ғимараттары алдындағы алаңдарда, Бостандық ауданындағы «Мега Алматы» ОСО, Жетісу ауданындағы «Гүлдер» паркінде, Түрксіб ауданындағы «Mart» ОСО және басқа да жерлерде мереке кеңінен аталып өтіледі.

Мереке барысында спорттық, мәдени-бұқаралық шаралар, жастар акциялары, көрмелер мен концерттер ұйымдастырылады.


15.03.2018