Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

15.01.2018

Алдағы күндері Алматыда болатын ауа-райын «Қазгидромет» РМК болжап берді.


Алматы қ. метеорологиялық қызметтің мәліметтері бойынша, Алматыда 15-16 қаңтарда қарлы күн болады. 

Дүйсенбіде күндізгі ауа температурасы   -3... -5 градус болса, ал сейсенбі күні бұл -7...- 9 градусқа дейін суытады. Сәрсенбі күні, 17 қаңтарда, Алматыда қардың аяқталуымен қатар, ауа –райы шамалы жылынады. Ауа температурасы -3...-5 градус болады. Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні таңғы сағат 7.30-да басталған қар 16 қаңтарға дейін жауады .Өткен тәулікте алып шаһарда  қарды тазалап  оны шығару  жұмысы   жалғасуда.  Қазірті таңда ақ ұлпаның биіктігі 25 сантиметрге жеткен.  Өткен тәулікте 9 900 кубметр қар қала сыртына шығарылды.

«Қар жауған күннен бастап қаланың коммуналды қызмет жұмысы екі ауысымда күшейтілегн режімде жұмыс естеуде, көше қарын тазалап, мұзға қарсы тұз себілуде. Қар тазалау жұмысына 600 бірлік арнайы техника мен 2 100 жол жұмысшылары тартылған», - дейді әкімдікте.

15.01.2018