Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

14.06.2019

Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы басталды


Қырғыз астанасы Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысы басталды. Алқалы жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Қазіргі уақытта Қырғыз Президентінің "Ала-Арша" резиденциясына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары келіп жатыр.

Мәртебелі меймандарды Қырғыз Президенті Сооранбай Жээнбеков қарсы алуда. Бұл рәсімнен кейін президенттер бірге суретке түседі. 

Одан кейін шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыс болады. Жалпы, ШЫҰ-ның даму жай-күйі мен келешегі жайында пікір алмасылып, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер талқыға түсетін отырысқа Қырғыз Президенті С.Жээнбеков төрағалық жасайды.
Кеңеске Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті В.Путин, Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон, сондай-ақ Ауғанстан Президенті А.Гани, Беларусь Президенті А.Лукашенко, Иран Президенті Х.Рухани, Моңғолия Президенті Х.Баттулга  қатысады.

 Мемлекет басшылары  14 құжатқа, оның ішінде 13 шешім мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Бішкек деларациясына қол қоймақ. Сонымен қатар отырыс аясында БАҚ, спорт, денсаулық сақтау,  ШЫҰ-ның халықаралық байланысын кеңейту салаларындағы ықтымақтастықты қамтитын 7 құжатқа қол қою көзделіп отыр. 

Қазақстан тарапы бастамашылығымен әзірленген денсаулық сақтау, ШЫҰ-ның "Астана" халықаралық қаржы  орталығымен өзара іс-қимылы, цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, "ШЫҰ-Ауғанстан" байланыс тобының мұнан арғы іс-қимылы сынды салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттар да рәсімделмек. 

Айта кетерлігі, 2019-2020 жылдары ұйымға төрағалық Ресей тарапына өтеді және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2020 жылға жоспарланған.  




14.06.2019