Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

14.05.2018

Алматыда үшінші велошеру өтті


Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында  үшінші бұқаралық велошеру өтті.

Шеруге қатысатындар сөреге «Нұрлы Тау» бизнес орталығында жиналды. 9 шақырым қашықтықты құрайтын велошеру Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының маңында аяқталды. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды. Басты сый, екі велосипед велоспорт бапкерлеріне бұйырды.
           

 «Біз әрдайым қатысамыз, біз үшін бұл жаттығу десек те болады. Осымен екінші рет велосипедті жеңіп алдық. Мен «Apple team» командасының бапкерімін. Өкінішке орай, спортшыларға велосипед жетіспейді. Сондықтан, шәкірттеріме сыйлаймын. Жаңбыр жауады деп болжанса да, қатысушылар саны көп. Бұл керемет жоба. Қала әкімдігі мен спорт басқармасына алғысымыз шексіз», - деді жеңімпаз Жанна Юсупова.

           

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің үшіншісі. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

           
          



14.05.2018