Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

14.03.2019

Алматыда таулы курорттарға баратын екі экскурсиялық маршрут ашылады.


Басқарма атап өткендей  тұрғындар мен туристердің таулы аймақтарға, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарына, «Орман ертегісі» және «Пионер» сияқты демалыс орындарына қол жетімді болу үшін екі автобус бағытын ашады.

15 наурыздан бастап Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан  № 209 және № 210 қоғамдық көлік бағыттары іске қосылады. Автобустар аптасына үш рет - жұма және демалыс күндері жүретін болады. Бағасы 300 теңге, мектеп оқушылары үшін - жалпы құны 50%, 7 жасқа дейінгі балаларға - тегін.

Бұдан басқа, Алматы әкімдігі австриялық компаниямен бірлесіп 2030 жылға дейін қаланың және Алматы облысының айналасындағы таулы кластерді дамыту жоспарын әзірледі.

Жоба аймақтағы Түрген, Ақ Бұлақ, Оя-Қарағай, Лесная Сказка, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелең сияқты барлық тауды қамтиды. Сондай-ақ, бұл туристік агломерацияда 470 шақырым жаяу жүргіншілер мен 85 шақырым велосипед жолдарының, 45 шақырым жылқы соқпақтарының, сондай-ақ 250 шақырым шаңғылы жолдардың дамуы қарастырылған.

2018 жылы Алматыда және Алматы облысында туризмді дамытуға шамамен 1 млрд. теңге жұмсалған, түрлі бағыттар бойынша - туристік инфрақұрылымды дамыту, Алматы қаласының туристік әлеуетін көтеру және адам ресурстарын қолдау бойынша  Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 2018 жылдың қарашасында өткен «Алматы Инвест» форумында баяндаған болатын.

14.03.2019