Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

13.06.2019

Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшелері жөндеуге жабылды.


Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізтуге байланысты автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалыстар ішінара жабылды.

 

Осылайша, 13 маусым күні Жібек Жолы көшесі Желтоқсаннан  Наурызбай батыр көшесіне дейін қоғалыс жабылды. Көшедегі солтүстік жағында жүргіншілер жолы ашық.

Достық даңғылы бойынша Құрманғазы мен Қабанбай батыр көшесімен шығысқа қарай тек жаяу жүргіншілер аймағы ішінара жабылады.

Сонымен бірге, қоғамдық аймақтарды жаңғырту бойынша барлық жұмыстар азаматтар үшін қолайсыздықтар туғызбау мақсатында жол жиектеріне тасқауыл белгілері мен сатылар қойылады. Арнайы қоршаулар мен жаяу жүргіншілер панелі орнатылады.

Осы көшелерде «Қала адамдар үшін» тұжырымдамасы аясында, энергия үнемдейтін тротуарлы жарықтандыру, көше жиһаздары, спорттық және балалар ойын алаңдары, фонтан кешені және т.б. пайда болады. Сондай ақ жаңа көгалдандыру жоспарланып отыр және оларды сақтай отырып, жаңа ағаштарды отырғызу, сондай-ақ автоматты суару жүйесі салынады.

13.06.2019