Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

13.04.2018

Бауыржан Байбек «Атакент» ҚІБО аралап шықты


Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында «Атакент» іскерлік байланыс орталығын аралап көрді.

           

Әкімнің айтуынша, меншік иелері аталған аймақты дамыту бойынша міндеттемелерін толық атқармай отыр. Осыған байланысты Алматы әкімі тиісті басқармаларға жалға беру келісімін бұзу туралы тапсырма берді.

           

 «Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін. Бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен  базарға айналдырған. Басқарушы  компания осы аумақтты  дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ешқандай жұмыс атқарылмаған», - деді  Бауыржан Байбек.

           

Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальтты жерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар мен урналарды және басқаларын қоюды тапсырды.Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Әуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

13.04.2018