Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

13.02.2019

Алматыда көпбалалы аналарға арналған орталық ашылады


Алматы   көпбалалы аналар орталығы ашылады.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Бақытты отбасы» жобасын іске қосуды және мегаполистің аз қамтылған отбасыларын қолдауға арналған жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Ол халықтың аз қамтылған отбасына бағытталған тікелей және жанама әлеуметтік қолдау партия жұмысының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Көптеген отбасыларға құқықтық және психологиялық кеңес беру және оңалту көмегіне мұқтаж екендігін ескерсек, біз осындай орынды көпбалалы аналарға арналған «Бақытты отбасы» орталығын құру арқылы ұйымдастыруымыз керек.


Бұл бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады, онда көпбалалы аналарға жұмыс беруді де қарастырамыз. Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудің кешенді моделін құру қажет, оған мемлекеттік жәрдемақылар жүйесі, мақсатты көмек, әлеуметтік жәрдемақы, демеушілік және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кіреді. Қысқа уақыт ішінде осы санатқа жататын отбасыларын түгендеу жүргізуді тапсырды.  Бұл бір реттік шара емес, біз бұл мәселені жүйелі түрде шешеміз », - деді Бауыржан Байбек.

Мегаполис басшысы әлеуметтік қамсыздандыру, стратегия және бюджет басқармаларына, сондай-ақ басқа да уәкілетті органдарға осы мәселелер бойынша жұмыс істеуге және жедел түрде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

13.02.2019