Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.10.2017

Алматыда қазақ деректі фильмдер күндері басталды


Алматыда  Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен  қазақ деректі фильдер  күндері  басталды.

Шара еліміздің  жас режиссерлерімен түсірілген  «Мен сүйемін», «Реңктердің үйлесімі» және «Наири» атты деректі фильмдерін көрсетумен ашылды.

«Енді екі ай бойы, әр сәрсенбі күні, Тұңғыш Президент Қорының кинозалында, қазақ киносының майталмандарымен  және жас режиссерлердің түсірген  деректі  фильмдерінің премьерасы өтеді», -деді шараның ашылу салтанатында  «Қазақфильм» киностудиясының «Кинолетопись» киностудиясының  жетекшісі  - Әсет Ерназаров.

Фестиваль аясында 10 деректі фильмдер көрсетіледі. Оның ішінде:режиссер А. Каменскийдің «Казахский ренессанс. Жумат Шанин», режиссер Г.Насырова мен А.Садыкованың «Қазақша би», режиссер А.Байгожинаның «Сенімді іздеу», режиссер О.Белялованың «Алтын Эмель», режиссер В.Тюлькинаның «13 километр», режиссер А.Ахметжанованың «Жігіттер оның аты Батя», режиссера Е.Бектурованың «Отан неден басталады» атты фидьмдер бар.

Деректі фильмдер прокатқа шықпайтындықтан , бұл күндері соңғы  жылдары  отандық кинорежиссерлердің еңбектерімен танысып, олармен  қазіргі заманғы  проблемаларды көтерілу тақырыбындағы түсірілген туындыларын тамашалауға жақсы  мүмкіндік.»-дейді Асет Ерназаров.

 

12.10.2017