Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.09.2019

Алматы су мекемесінде " Ашық есік күні" өтеді


Бүгін «Алматы су» мекемесі қала тұрғындары үшін «Ашық есік күндерін» өткізеді.

Ақпараттық ашықтық принципіне сүйене отырып, «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ауыз су мен кәріз қызметіне қатысты сұрақтарды шешу мақсатында халықпен тікелей кері байланыс құруды ұйымдастырып отыр.

Осылайша әр тұтынушы мекеме басшысымен кездесіп, мәселелерін шешіп алуға мүмкіндігі туады.

Тұтынушыларды әр айдың екінші бейсенбісінде Жароков, 196 көшесінде орналасқан «Алматы су»-дың орталық кеңсесінде қабылдайды.

Алғашқы «Ашық есік күн» 12 қыркүйек күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

Сонымен қатар, тұтынушылар мен заңды тұлғаларды қабылдау аудандарда орналасқан мекеменің 4 тұтынушыларды қабылдау бөлімшелерінде де жүргізіледі. Мұнда 50 қабылдау терезесі жұмыс істейді.

Қашықтықтан кеңес алуға да болады. Ол үшін 3-777-444 телефонына хабарласуға болады.



12.09.2019