Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.09.2018

Алматыда ТМД-ға мүше елдердің жастар форумы өтеді


12-14 қыркүйек аралығында Алматы қаласында ТМД-ға мүше елдердің жастар форумы өтеді.

Форумға жастар ұйымдарының өкілдері, жас кәсіпкерлер, еріктілер, мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан келген шығармашылық жастар қатысады. 

Іс-шараның бірінші күнінде (12 қыркүйек) Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығы күніне арналады, оның аясында жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланады. Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдары арасында меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.

 Іс-шараның мақсаты - коммуникативтік пікірталас алаңын құру және ТМД-ға мүше елдердің жас көшбасшылары арасындағы мәдениетаралық диалогты қалыптастыру, жастар ұйымдары мен жас көшбасшыларды біріктіру; 

13 қыркүйекте ТМД мүше елдерінің жастар форумының ресми ашылуы өтеді, сондай-ақ ұлттық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Қазіргі заманғы туризмнің трендтері», «Еріктілік - өмір салты», «Жастар және бизнес», «Ақпарат ағындарындағы жастар» тақырыптарында пікірталастық алаң жұмысы ұйымдастырылады.  


12.09.2018