Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.04.2018

Алматыда жаппай веложарыс маусымы ашылды


Алматыда жексенбі, 15 сәуірде  «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында жаппай веложарыстың жаңа маусымы басталады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Веложарыс жанкүйерлері Бостандық ауданындағы « Нұрлы Тау » БК аумағында 08: 30-да жиналып сағат 09: 00-де жарысты бастайды. Бастамас бұрын қатысушыларға лотерея ұйымдастырушыларынан арнайы нөмірлер беріледі. Велошабандоздар әл-Фараби даңғылынан  Тұңғыш Президент саябағына дейін  созылған  9 шақырымды жүріп өтеді.

Барлық қатысушылар үшін міндетті талап - қауіпсіздік үшін дулыға (шлем) болуы тиіс.

Мәре сызығында жеңімпаздарды 20 велосипед пен бағалы сыйлықтар күтеді.

Сондай-ақ, барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге арнап қазақстандық эстрада топтары концерттік бағдарлама ұсынады. Сонымен қатар, тәжірибелі фитнес нұсқаушылар дұрыс тамақтану туралы кеңес беріп, денені шынықтыру үшін пайдалы жаттығуларды көрсетеді. «Спорттық Алматы» қалалық бағдарлама аясында өткелі тұрған бұл веложарыс биылғы жылы жоспарланған 21 веложарыстың алғашқысы болмақ.

Өткен жылы бүкіл маусымда 21 мыңнан астам адам велосипед жарысына қатысты. Бағдарлама мегаполистегі бұқаралық спортты дамытуға және белсенді спорттық демалыстарды насихаттауға бағытталған.

12.04.2018