2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.02.2020

Алматыда Волонтерлар үйі ашылады


Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың волонтерлар ұйымдарының өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

20-дан астам волонтерлар ұйымдарының өкілдері қатысқан кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысы Волонтер жылы деп жариялаған биылғы жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары бойынша «сағатты салыстыру».

 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, ізгі ниетті қалалықтар өмір сүрудің барлық салаларында белсенді және қала қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналған.

Кездесу кезінде айтылған ұсыныстар – мейірімділіктің қалалық шеруін, экологиялық жүгіруді ұйымдастыру, қаланы жасылдандыруға қатысу, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және оқушылардың заңнамалық сауаттылығы бойынша сабақтар өткізу. Аз қамтылғандарға, жалғыз басты қарт адамдарға және ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, волонтерлар донорлықты қолдайды әрі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негіздерін үйретеді. Қалдықтарды жеке жинау, хайуанаттарды қорғау мен сақтау мәселелері де маңызды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев волонтерлық жобалардың барлығының қолдау табатындығын айтты.

«Волонтерлық қозғалыс салиқалы әлеуметтік-жауапты іске айналуда. Сондықтан волонтерлар топтарын дайындау, бірыңғай ақпараттық базаны құру маңызды. Күш-жігеріміз бен ресурстарды біріктіре отырып, біз бұл міндеттердің барлығын шешеміз. Осы мақсат үшін волонтерлар мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді алаңына айналатын Волонтерлар үйін ашамыз», - деп қорытындылады сөзін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Кездесуде «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ-ның төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Мейірімділер клубы» жобасының үйлестірушісі Динара Асанова, Lider.kz ҚҚ-ның үйлестірушісі Дильмира Блац, «Қуаныш сыйлаймыздың» үйлестірушісі Кира Ударцева және басқалары өз ұсыныстарымен бөлісті.

12.02.2020