Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.02.2019

Қала тұрғындарының назарына! Алматыда жауған қардан жолда жүргенде сақ болыңыз!


Бүгін Алматыда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуда. Соған байланысты қала тұрғындарын түрлі қауіптен сақтануларын сұрайды.

 

Түнде ауа температурасының төмендеуіне байланысты көктайғақ болуы мүмкін.  Сол себепті басқарма өкілдері жүргізушілерге автокөліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтып, жылдамдықты асырмауға кеңес береді. 

«Жаяу жүргіншілерден де тротуарларда абай болуын, биік ғимараттарға жақындамауын  сұраймыз. Жауған қарды тазалауға 860 техника мен 1320 жұмысшы жұмылдырылатын болады», - делінген жасыл экономика басқармасының баспасөз хабаралмасында. 



Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті күннің жылынуына байланысты 9-13ақпан күндері қардың еруі, мұз көбесінің сөгілуі және су деңгейінің көтерілуі мүмкіндігін ескерткен болатын. 


 

12.02.2019