Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.01.2018

Алматыға жауған қарды тазалауға 2 мың адам шықты


Алматыда қатты қардың салдарынан коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде.Қала көшелерін қардан тазалауға 2 мың жолды тазалау жұмысшылары мен 575 бірлік арнайы техника тартылды.

2018 жылдың 11 қаңтарында тау бөктерінде сағат 09.00-ден бастап, ал қала ішінде 09.30-да қар жауа бастады, бұл   синоптиктердің болжамы бойынша сәрсенбіге дейін оқтын-оқтын қайталанып тұрады.

«11-нен 12-қаңтарға қараған түнде көше бойындағы қарды тазалау жұмыстары жоспарланған. Қолданыстағы коммуналдық құрал-жабдықтардан басқа, түнгі уақытта қарды тазалау үшін құрылыс және жолды тазалау ұйымдарынан 40 жүк және 6 жүк тиегіш көліктері тартылады», - делінген хабарламада.

Бұдан өзге, алып шаһардың әр аудандарында  қар тазалау жұмысын бақылауға алатын тәулік бойы кезекшілер ұйымдастырылған.

 

12.01.2018