Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

11.12.2017

Алматыда Елорданың дамуына үлес қосқан тұлғалар марапатталды


  Алматыда қала  әкімдігінің бастамасымен Елорданың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттар «Астана - Ардағым» мерекелік сыйлығымен марапатталды.

           

   Елорданың Астанаға көшкеніне 20 жыл толуына арналған «Астана - Ардағым»  сыйлығымен Алматы қаласының тумалары және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлердің еңбегін ескеруге бағытталған. 

           

 «Ел еңсесін енді тіктеген кезеңде Елбасы көш бастап Астанаға бет бұру туралы шешіміне күмәнмен қарағандар  болғаны белгілі. Жасампаз 20 жылда 1997 жылға 10 желтоқсаннан бастап ел орталығын ресми Астанаға  көшіруі асқан көреген шешім болғаны рас. Теңдессіз шешім Алатаудың баурайында қабылданып, шаһарымыздың басты қаржы экономикалық, ғылым мен білім, спорт орталығы ретінде дамуына жол ашты. Осы қалада ҚР тәуелсіздігі туралы заң, жаңа елорда туралы тарихи қаулы қабылданды. Егіз өрімдей болған қос қалаға Елбасының қолдауы ерекше екендігі рас. Осындай қаламыздың дамуына күш салған азаматтардың еңбегін атап өту дұрыс деп ойлаймын», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

           

 Алматы қаласының  Мәдениет басқармасы хабарлағандай, «Астана - Ардағым» сыйлығы 20 санат бойынша беріледі.  Атап айтқандай, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика  және  әдебиет салалары бойынша үлес қосқандардың еңбегі ескерілді.

           

Номинанттарды іріктеу  конкурстық комиссияның сайтында ашық дауыс беру арқылы жүзеге асты.  «Бүгінгі күні  Алматы қаржы және экономикалық  мегаполисі ретінде еліміздің саяси орталығы - Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен  либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына  ықпал етеді. Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры - екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың  тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке  айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен  тәуелсіз Қазақстанның тағдыры» деген сөздері жəне бар», - деді қалалық әкімдіктегілер. 

 Еске салсақ, келер жылы Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар - концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу  жоспарланған.    


 

11.12.2017