Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

11.07.2018

Алматыда дәстүрлі балмұздақ фестивалі өтеді


Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жаздың тәтті мерекесі - «БалмұзDay». Шығыс ертегісі»  фестивалі өтеді

Биыл фестиваль екі күн тойланады. Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында қонақтарды ғаламат шоу күтеді. 

           

«14-15 шілдеде Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы Шығыстың ертегідей атмосферасына енеді. Демалыс алаңы тәттіге толы шығыс базарына айналып, ойын-сауықтың ортасы болады. 2 күн ішінде алматылықтар мен қала тұрғындары балмұздақтың түр-түрінен: ыстық балмұздақ, био-балмұздақ, азот-балмұздағы, қымыздан жасалған балмұздақтан және түрлі тәттілерден дәм тата алады»,-дейді ұйымдастырушылар. 

Фестивальдің алғашқы күні қонақтар музыка мен театрландырылған қойылымдарға куә болады. Шараның әр қатысушысы бағалы сыйлықтар ұтысы мен флешмобқа қатыса алады. «Екінші күні музыкалық конкурс - «БалмұзDay Дауысы-2018» караокесі ұйымдастырылады. Байқауға 3-тен 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

 Жеңімпаздар Грузиядағы таланттар байқауына жолдама алады. Қатысушылардың вокалдық мүмкіндігін жұлдызды қазылар алқасы бағалайды», - дейді ұйымдастырушылар. Айта кету керек, дәстүр бойынша фестивальге балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылады. Олар құнды сыйлықтарға ие болып, аттракциондарда тегін ойнай алады.  


11.07.2018