Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

11.02.2019

Алып шаһарындың жекеменшік үйлерінде датчиктер орнатылып жатыр


Алматы Төтенше жағдайлар департаментімен жеке меншік жер үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғыларын орнатып жатыр. Бүгінгі күнге қаладағы 136 жекеменшік үйге орнатылды.

           

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, жылу маусымы басталғаннан бері «Әрбір үйдің қауіпсіздігі» акциясы аясында қала құтқарушылары таңдаулы түрде (аз қамтылған отбасылар мен қариялар) пеш жағатын үйлерде көмірқышқыл газын анықтап, дабыл беретін құрылғыларды орнатты. Улы заттардың шекті концентрациясы мөлшерден асып  кеткенде дабыл іске қосылып, тұрғындарды қауіпті жағдай туралы белгі береді. Бүгінде осындай құрылғылар қаладағы 136 үйде орнатылған.

           

9 ақпанында Алматы гарнизонының жеке құрамы жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және ҚР Қызыл Жарты ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп 8 364 үйді тексеріп, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы 10 мыңнан астам жадынама таратылған.  

Жалпы, департамент жекеменшік тұрғын секторында орналасқан 145 мыңнан астам тұрғын үйді есепке алды. Жылу маусымының басталуына дейін бір ай уақыт қалғанда, департаменттік жеке құрамы барлық үйлерді аралап шықты. Жазатайым оқиа болған 20 мыңнан астам үйлер бірнеше рет тексерілді. Үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар беріліп, сондай-ақ 8395 адамды қамтыған 486 жиналыс өткізілген.

11.02.2019