2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10.09.2020

Алматыда жас отбасыларға арналған тегін сенім кабинеті ашылады


Ағымдағы жылы 11 қыркүйекте Алматыда Ұлттық отбасы күнін атап өту аясында дағдарыста тұрған жас отбасыларға арналған бес сенім кабинеті ашылады.


Қала әкімдігінің айтуынша сенім бөлмелерінде жастар мен жас отбасылар жоғары білікті психологтардан тегін кеңестер мен психологиялық қолдау ала алады.

Психологтар сонымен қатар болашақ отбасыларда тиімді коммуникация құру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық қатынастардың басқа аспектілері бойынша жастар мен студенттерге арналған кездесулер, оқыту семинарлары мен дәрістер өткізеді.

Отбасы - қоғамның негізгі әлеуметтік институты. Отбасының қиын қаржылық жағдайы, оның күнделікті проблемалары қазақстандық қоғамның барлық басқа салаларына кері әсерін тигізеді.

Жобаның басты мақсаты - Алматы қаласында отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Сенім бөлмелері бетпе-бет, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және онлайн режимінде жұмыс істейтін болады.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында отбасы саясатын дамытуға ерекше назар аударғанын атап өткен жөн.

10.09.2020