Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10.07.2018

Алматыда шегірткелерді алдын алу шаралары басталады


12 шілдеден бастап Алматыда шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша жоспарлы алдын алу іс-шаралар басталады.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2,5 мың гектар алқапты қамтитын Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түріксіб аудандарындағы шекараларда тосқауылды емдік шаралары жүргізіледі.

           

Дизенфекция қаланың жасыл желегін зиянкестерден қорғау және жәндіктердің Алматы аумағына көшуіне жол бермеу үшін жүргізіледі.

 «Жақын арада қала ішінде 500 гектар аумақта ірі жәндіктердің көптеп шоғырланатын жерлерде өңдеу жүргізіледі », - деп хабарлады Алматы ауыл шаруашылығы және ветеринария департаменті.

Сонымен қатар, аталған жұмыс түнде 23: 30-дан 05: 30-ға дейін жүргізілетіндігін атап өтті. Осыған байланысты, қала тұрғындары түнгі серуендеу кезінде үйлердің терезелерін жабуды және сақтық шараларын сақтауды сұрайды.

10.07.2018