Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10.04.2018

Қазақстанның павильоны Дубайдағы жыл сайынғы инвестициялық кездесуде таныстырылды


9-11 сәуір аралығында Дубайдағы Дүниежүзілік Сауда Орталығында Annual Investment Meeting жыл сайынғы Инвестициялық Конференция өтуде. «Қазақстан Инвест» ұлттық компания еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері мен іскерлік кездесулерді өткізу мүмкіндігі туралы қазақстандық павильонда таныстырды.

«Қазақстан мен БАӘ өзара қарым-қатынастарының тарихы ұзаққа созылған.

Биылғы жылы қазақстандық делегациямен кездескенімізге өте қуаныштымыз. AIM көрмесінің басшылығы Қазақстан делегациясын қолдауға дайын, сондықтан сіз кездесуді табысты өткізе аласыз. Бұл көпұлтты компанияларды Қазақстанға тартудың тамаша платформасы. Біз осы іс-шарадан ең жоғарғы нәтижеге жетуіңізді қалаймыз», - деп атап өтті Жыл сайынғы Инвестициялық Кеңестің Президенті Дауд Аль Шезави. Қазақстан делегациясын 15 ірі отандық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялар өкілдері қатысты.

 

10.04.2018