Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

08.12.2017

Алматыда мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті


 Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өту аясында «Алматы» хоккей клубы   мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Қуаныш сыйла!» қайырымдылық акциясын өткізді. Балаларды хоккей ойынын тамашалауға шақырып, сыйлықтар табыстады.

           

Бүгінгі күні   церебральды паралич диазнозымен, көру  және есту қабілеті нашарлаған, сондай-ақ аутизммен ауыратын  60  бала үшін үлкен мереке болды.Олардың барлық дерлігі мұндай мамандандырылған хоккей ойынына бірінші рет келуі.

«Біз балаларға кез-келген диагнозбен салауатты өмір салтын сақтауға болатынын көрсетуді қаладық,  сондай-ақ спортшыларымыздың көрсетілім ойынынан қуаныш пен  жағымды әсер қалдырғымыз келді.Әрбір бала өзіне өзі таңдаған,өзі қалаған спорт түрін таңдауы тиіс. Біздің клубтың есігі барлық адамдарға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әрқашан ашық»,- «Алматы» хоккей клубының президенті Николай Банишевский

           

Көбінде мүмкіндігі  шектеулі балалар үйден көп шыға бермейді бұл күн олар үшін керемет  мереке болды.Біз бүгін таңертеңнен кинотеатрға бардың , енді міне осындамыз, балалар бүгін көптеген ақпараттар мен қызықты әңгімелер тыңдап көңілді,жаңа ортамен танымал спортсмендермен танысуда»,-дейді «Ақжол М» қоғамдық қор төрайымы Рушана Тохтахунова.Бүгінгі күннің ең кішкентай қонағы  небәрі 2 жаста, ал ең ересегі 25 жаста. Олардың ішінде параолимпиада ойындары бойынша Қазақстан чемпиондары бар.

                            

Шара соңында ұйымдастырушылар балаларға сыйлықтар беріп, концерт  ұсынды.

08.12.2017