Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

08.07.2016

Алматыда Төлеби көшесі –Шығыс айналма автокөлік жол айрығын біріктіретін жаңа жол айырығы ашылды


Алматыда Төлеби көшесі мен Шығыс айналма автомобиль жолын қосатын жаңа жол  айырығы ашылды.

Нысанның ашылуына шаһар басшысы Бауржан Байбек қатысты.

Төлеби көшесін шығыс айналма жолына дейін ұзарту кезінде Орманов көшесімен  Жабаев көшесі астынан 110 метрлік  эстакада және автокөлік жол айырығы  салынды. Жобаны коммуналдық меншікке беру, бәрін  толық бітіру  ағымдағы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда жол айрықтың жақын маңын көріктендіру және  құжаттарды рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 7,8 шақырымдық ШАЖА  2011 ж қолданысқа енгізіліп. Енді жаңа ашылған Төлеби-шығыс айналма жолы арқылы қала орталығына және кері  шамамен  тәулігіне 60 мың көлік қатынайтын болады.

Аталған жол айрықтың ашылуы «Саяхат» автобекеті, Райымбек, Сүйінбай даңғылы мен Фурманов көшелеріндегі көлік қозғалысын едәуір жеңілдетіп, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартпақ. 

08.07.2016