Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

08.02.2018

Алматыда олимпиадашыларды қолдау флешмобы өтті


Алматыда Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері Кореяда өтетін Ақ олимпиадаға қатысатын «Ұлы дала ұландары- Олимпиада қырандары» отандастарымызды қолдау мақсатында флешмоб өткізді.

           

Қысқы олимпиада ойындарына 9 спорт түрінен 57 лицензия жеңіп алған 46 спортсмен қатысады. Осы қатысушылардың ішінен 13 атлет Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері. ҚазСжТА баспасөз қызметінің айтуынша университеттің басшылығы спортшы студенттерді жазғы және қысқы пәндер бойынша әлемдік жарыстарға, олимпиадалық ойындарға, әлем чемпионаттарына және континентальдық чемпионаттарға сапалы даярлау үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

           

Олимпиадашылардың бірі - Анна Шевченко және Иван Люфт (шаңғы жарысы), Юлия Галишева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков (фристайл), Дарья Климина, Екатерина Белченко, Владислав Витенко (биатлон), Абзал Ажгалиев, Нұрберген Жұмағалиев, Ким Чен А шорт-трек), Сергей Ткаченко (трамплиннен секіру), Айса Мамбекова (мәнерлеп сырғанау)

Бүгін кешке Алматыдан Пьянгчанға еркін стильдегі акробатика ұжымы ұшады.

Айта кетейік, олимпиадалық Пхенчхан ауылында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын салтанатты түрде көтерген болатын.

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9-нан 25-не дейін өтеді.

 

08.02.2018