Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

07.05.2018

Қазақстан армиясы ел Тәуелсіздігін сенімді қорғап тұр - Нұрсұлтан Назарбаев


Жүйелі түрде соңғы буынды қару мен әскери техника үлгілерін сатып алу жүргізілуде. Бұл туралы «Отар» әскери базасында Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

           

«Қазақстандық әскери қызметшілер ең қатыгез соғыста фашизмді жеңген біздің әкелеріміз бен аталарымыздың жауынгерлік айбыны мен даңқы дәстүрінің лайықты мұрагерлері. Біз әрқашан олардың өмір мен туған жердің гүлденуі үшін шексіз батырлығы мен өшпес ерлігін жадымызда сақтаймыз. 

Бүгінде Қазақстан армиясы ел Тәуелсіздігін сенімді қорғап тұр. ҰҚШҰ аясында ұжымдық қауіпсіздікке табысты жәрдемдесуде. Сонымен қатар БҰҰ аясында маңызды бітімгерлік қызметтерді абыроймен орындап келеді», - деп тоқталды ҚР Президенті. 

           

Осы орайда Елбасы еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан дәйекті ірі нақты бейбітшіл саясатты жүргізіп келе жатқанын атап өтті. «Алайда қазіргі заманғы геосаяси шынайылық бізге үнемі күтпеген жағдайларға әрқашан дайын болуды ескертеді. Мемлекет армиямыздың нығаюы әлеуетіне барынша қолдау жасауда мен ерекше назар аударуда. Жүйелі түрде соңғы буынды қару мен әскери техника үлгілерін сатып алу жүргізілуде. 

Сондай-ақ бірқатар маңызды жауынгерлік техника мен құралдар түрін өндіру табысты игерілді. Әскери басқару жүйесі жаңғыртылуда. Біздің мақсат - қазіргі заманғы, мобильді, жоғары кәсіби білікті армияны құру», - деп атап өтті ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Отан қорғаушы күні аясында Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад өтіп жатыр. 


07.05.2018