Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

06.02.2019

Алматыда 6 ақпан күні қалың қар жауып, ауа температурасы минус 15-20 градусқа дейін төмендейді


«Қазгидромет» РМК филиалының 2019 жылғы 04 ақпандағы №1 дауылды ескертуі негізінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  ескертеді!.

Алматыда 6 ақпан күні қалың қар жауады, ауа температурасы минус 15-20 градусқа дейін төмендеп,  аяз болады.

 Осыған байланысты, Алматы қаласының ТЖД ұсынады:

-  Үйде балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар;

-  Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру және кішкентай балаларға тапсыру аса қауіпті;

- Пешті қатты қыздырмаңыздар;

- Пешті жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыздар;

- Пештін үстіне отын  мен  киімдерді кептірмеңіздер;

- Ғимаратты жылыту үшін қолдан жасалған электр қыздырғыштарды пайдаланбаңыздар, электрмен жабдықтау желісін артық жүктемеңіздер;

 - Егер өрт  шығуы немесе жану анықталса (түтіндеу, температураның жоғарылауы, күйік иісі) белгілері туралы  дереу  101 немесе 112 телефондары арқылы өртке қарсы қызметке қоңырау шалыңыздар.

 

06.02.2019