Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.12.2018

Астанада Қазақстанның үздік патриоттарын марапаттады


Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында дәстүрлі республикалық патриоттар форумы өтті.

 Мерекелік форумның ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйледі. «Мемлекеттік рәміздер - мемлекетіміздің ең қадірлі, ең қастерлі символдары. Аспан түстес байрағымыздың, Елтаңбамыздың және Гимніміздің әрбір элементінде Елбасының, сонымен қатар осы іске атсалысқан әрбір азаматтың Отанға деген махаббаты мен арман-мұраттары жатыр»,- деп атап өтті ол.
Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысты. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген депутаттар, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ұйым басшылары, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері мен зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Форум барысында қатысушылар өз жетістіктері жайлы айтып, мемлекеттік рәміздер саласында атқарып жатқан қызметтері туралы өзара пікір алмасты.

 

Жиында түрлі салада еселі қызмет етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен халықтың ықыласына бөленген, мемлекеттік рәміздерді насихаттауда шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен 17 азамат «Жыл патриоты» атанды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы оларды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

 

05.12.2018