2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.09.2019

Алматыда цифрландыру бойынша басқарма құрылады


Алматыда жақында цифрландыру бойынша басқарма құрылады.
Келер жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік қызметті автоматтандыру басқарманың басты міндеті болмақ.
 

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру туралы қала активінің отырысында айтты. Алматы - Қазақстанның цифрлық астанасы. Қала тұрғындарының 82,6%-ы цифрлық технологиялардан хабары бар.  ІТ қызметтердің 3/2-сі Алматыда жүзеге асады.
Мұнда 5G мәліметтерді тарату форматы тестіден өткізіліп жатыр.  «Менің тапсыруыммен әкімдікте цифрландыру бойынша басқарма құрылатын болды. Басқарманың басты міндеті – ақылды қаланың жаңа жобаларын жүзеге асыру, ІТ сектордың дамуына барынша жағдай жасау», - деді Б.Сағынтаев.
Бүгінде қалада мемлекеттік қызметтердің 80%-ы цифрлық форматта көрсетіледі. Жаңа басқарма осы көрсеткішті келер жылдың соңына дейін 100 пайызға жеткізбек.


05.09.2019