Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.07.2018

EXPO мұрасы: Алматыда экологиялық ортаны жақсарту бойынша жаңа жобалар іске қосылады


Алматы әкім Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қоқыс сұрыптайтын жаңа кешеннің, газбен жүретін автобустар үшін салынып жатқан коммуналды парктің және электроавтобустардың соңғы түрін шығаратын зауыт құрылыстарының қарқынын тексерді.

           

Мегаполис басышысы EXPO-2017 мұрасы аясында бұл жобалардың және «Алматыны дамытудың 50 жобалары - драйверлері қалалық бастамасының заманауи әрі маңызды екенін, өйткені олардың барлығы соңғы инновациялық технологияларды тартатынын, жаңа жұмыс орындарын құратынын, сонымен қатар қаланың қоршаған ортасына түсетін экологиялық жүктемені төмендететінін атап өтті. «FalconEuroBus» қазақстандық - неміс компаниясы автопарктің және электроавтобустардың үшінші түрін шығаратын зауыттың құрылыстарын жүргізуде. Қазіргі кезде жалпы алаңы 7 мың шаршы метр болатынжинау және сырлау цехының, жабық тұрақ пен қойма бөлмелердің құрылыстары аяқталып қалды. Бірінші кезекте өндірістің шектелуі 20%-ға дейін болса, кейін оның үлесі арта түседі. Жобадағы жеке инвестиция көлемі 15 млрд. теңгені құрайды.

           

Жұмыс сапары барысында қала әкімі жылдық қуаты 550 мың тонна ТҚҚ-ды өңдейтін қоқыс сұрыптайтын жаңа кешен құрылысын да тексерді. Қазіргі кезде кешеннің шатыры жасалуда, коммуникация жүргізілуде. Жақын арада орнатылған итальяндық жабдықтар іске қосылып, жөндеу жұмыстары аяқталады.

Жоба жүзеге асқанда ТҚҚ сұрыпталады, тасымалданады, жұмыстың барлығы кешенді басқару жүйесі арқылы атқарылады, ал полигонға көму үшін қауіптілігі төмен және биобұзылғыш заттар жіберіледі, кейін оларды да өңдеу қолға алынады. Құрылыс объектісі жеке инвестиция есебінен салынуда.

Газбен жұмыс істейтін 200 жолаушы автобусына қызмет көрсететін жаңа коммуналды автобус паркінің құрылысы кестеге сай жүруде. Негізі нысан мен май құю станциясының металлконстуркцияларын монтаждау жұмыстары аяқталды. Қойма мен көлік жуатын орындардың іргетасы құйылды. «Green Bus Company» тасымалдаушыларымен жылжымалы составты алу мәселелері талқылануда.

05.07.2018