Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.05.2018

Назарбаев "Эйс" атты жаңа теннис орталығында болды


Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жаңа "Эйс" атты теннис орталығында болып қайтты.

Президент Қазақстанда теннисті дамыту үшін он жыл ішінде барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

           

Корттар саны төрт есе өсіп, 60-тан 244-ке жетті, сондай-ақ тенниспен айналысатын спортшылар саны жыл сайын артуда.

           

"Теннис спорты тиісті инфрақұрылым болғанда ғана дамиды. Әр өңірде балалар спортпен шұғылданып, биіктерді бағындыруы үшін әлемдік стандартқа сай теннис орталықтары салынуға тиіс. Осы теннис орталығында жаттығатын спортшылар әлемдік деңгейдегі жұлдыздарға айналады деп үміттенемін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жалпы көлемі 8100 шаршы метр болатын «Эйс» теннис орталығы жеке инвесторлардың қаржысына салынды.

05.05.2018