2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.02.2020

Лондонның цифрландыру тәжірибесі Алматыда қолданылады


Лондонның цифрландыру тәжірибесі Алматыда қолданылатын болды.

Бақытжан Сағынтаевтың Ұлыбританияның мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры Крис Фергюсонмен болған екіжақты кездесуінде тәжірибелер алмасу және үздік практиканы қолдану мәселелері талқыланды.

«Экология, көлік және қоғамдық қауіпсіздік, сонымен қатар мамандарды оқыту мен даярлау бойынша Алматыда Smart City тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелерін талқыладық», - деді қала басшысы Б. Сағынтаев.

Ұлыбританияның мемлекеттік цифрлық қызметі (GDS) - мемлекеттік орган, ол елдегі мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау мен автоматтандыруға жауапты.

Мемлекеттік цифрлық қызмет 2011 жылдың сәуір айында құрылған. 2013 жылдың ортасынан бері қарай мемлекеттік қызметті тұтынушыларды жеңіл бейімдей алатын үкімет тұжырымдамасының платформасы ретінде алға жылжытатын инфрақұрылымдық базаны, технологиялар мен процесстерді біріктіреді.

GDS міндеттерінің бірі – GDS академиясының, жалпы платформалардың, компоненттер мен мемлекеттік органдарда тіркелген мәліметтердің көлемін кеңейту арқылы цифрлық мүмкіндіктерді қалыптастыру, инновациялық технологияларды қолдануға және GovTech секторын дамытуға көмектесу.

БҰҰ-ның рейтингі бойынша 2016 жылы Ұлыбритания электронды үкіметті дамыту деңгейі жөнінде бірінші орынды, ал 2018 жылы төртінші орынды иеленді

.

05.02.2020