Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.02.2019

Алматыда үлкен кафе бұзылды


Алматы қаласының орталығында заңсыз салынған кафе бұзылды.

Сот орындаушыларының айтуынша, Әуезов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан жалпы ауданы 400 шаршы метр болатын бір қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылған.

2018 жылдың 28 қыркүйегінде  «МЖК Пром » ЖШС-не қатысты атқарушылық  өндірістік  іс қозғалды.    Содан бері  сот шешімі бойынша кафе  басшылығы ғимаратты өз бетінше бұзу  туралы бірнеше мәрте ескертілген.   Алайда бұл талаптар орындалмады.

Сот ісін жүргізу барысында осы материалды жүргізуші сот орындаушысымен  заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 670-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды », - деді Алматы қаласы Әділет департаментінің   басшысы  Мейіржан Танкібаев.

 Кафе кеше түстен кейін бұзылды.

 

05.02.2019