2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.01.2020

Алматыда дәстүрлі V жаңажылдық марафоны өтті


Баум тоғайында «Экстремалды атлетика» атты бесінші жаңажылдық Алматы марафоны өтті.

Жаңа жылдың алғашқы күнінде стартқа 1,5 мыңға жуық адам шықты. Дәстүр бойынша қатысушылардың көбі карнавалдық костюмдерін киді. 

Марафонның бас хатшысы Вадим Винокуровтың айтуынша, скандинавиялық жаяу жүруге 3 қашықтық берілді — 21, 42 және 7 шақырым. Жарысқа қатысқан барлық адамға медаль берілді. 

Сонымен қатар, марафонға трекинг жүйесіне қосылу арқылы Қазақстанның және әлемнің кез-келген басқа қаласынан қатысуға мүмкіндік болды. «Марафон 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл жүгіруге 1,5 мың адам қатысты. 400-ге жуық адам әлемнің түкпір-түкпірінде жүгірді. 

Біздің ұранымыз: мағынасыз күнді мағынамен толтыру. Басты мақсат – халық арасында дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау», — деді В. Винокуров.


 

05.01.2020